Руханият • 30 Наурыз, 2020

Ақ желеңділерге алғыс айтты

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде сағат сайын коронавирус жұқтырғандардың саны артып, індеттің өршіп бара жатқаны жұрттың жағасын ұстатып, елдің еңсесін езіп бара жатқан тұста осынау дерттен айыққандардың қатары да көбейіп келе жатқаны көпшілікті қатты қуантқаны анық.

Ақ желеңділерге алғыс айтты

Шынын айту керек, осынау қуанышты жаңалық жұрттың үмі­тін оятып, сенімін бекіте түсті. Бұл мәселеде әсіресе ақ желеңді жан­дардың еңбегі ерен екені белгілі. Қазір­дің өзінде 18 адам бұл дерттен айығып, ауруханадан шықты.

«Дәрігерлерге алғысымды білдіремін. Күндіз-түні тыным таппастан еңбек етуде. Ал бүкіл қазақ­стандықтарды карантиннің талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Коронавируспен ойнауға болмайды. Жаңалықтарда айтылып жатқан ресми ақпараттардың барлығы рас. Инфекция қарым-қатынас жасау арқылы жұғады. Барлық адамның отбасы, жақын араласатын кісілері бар. Алғашқы кезде аурудың белгілері білінбеуі де мүмкін. Сондықтан әрдайым сақ болған жөн» дейді ауруханадан жазылып шыққан бойжеткен.

«Мен шетелден ұшып келген­діктен бірден карантинге жатқыз­ды. Құдайға шүкір, қан талдамасы теріс нәтиже көрсетті. Карантин кезінде дәрігерлер үнемі қасымда болып, қызуымды өлшеп, психология­лық түрде қолдау көрсетіп, барлық көмектерін аямады. Ауруханада нау­қас­тарға жақсы жағдай жасал­ған. Күніне бес мәрте тамақ береді. Қазақ­станда осындай кәсіби дәрігер­лердің бар екені мені қатты қуант­ты» дейді тағы бір жас жігіт ағынан жарылып.

Шынында коронавирусты анық­тау, науқастарды емдеу және вирус­тың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан ақ желеңді жандарға қандай алғыс айтса да жарасады.