Қазақстан • 30 Наурыз, 2020

Қазақстанның екі аймағында ауа сапасы нашарлайды

1393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 наурыз күні Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.



Қазақстанның екі аймағында ауа сапасы нашарлайды

Қазгидрометтің мәліметінше, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.



Соңғы жаңалықтар