Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда көшеге себепсіз шыққаны үшін 164 адам учаскеге жеткізілді

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы наурыз айының 28-і сағат 00.00-ден бастап елордада азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектелді. Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салынады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Нұр-Сұлтанда көшеге себепсіз шыққаны үшін 164 адам учаскеге жеткізілді

Қала көшелерін полиция қызметкерлері қадағалап жатыр. Екі күн ішінде аумақтық полиция басқармаларына 164 адам жеткізілді, 68 тәртіпбұзушыға әкімшілік хаттама жасалды. Қалған адамдармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Сіздің қауіпсіздігіңіз бен коронавирус инфекциясының таралуын азайту мақсатында үйде қалып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, 30 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін автобустар жүрмейді. Дәрігерлер, полиция қызметкерлері және қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететіндерден басқасы апта бойы жұмыс істемейді. Елорда әкімдігі коронавируспен күресіп жатқан медицина қызметкерлері үшін қонақ үйлер, көлік бөліп, тамақ ұйымдастырды. Емханалар мен ауруханаларда жұмыс істейтін дәрігерлер үшін де көлік ұйымдастырылған. Көлікті CTS компаниясы ұсынды.