Президент • 30 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы ресми құжаттарды тану тәртібі туралы келісімді ратификациялайтын заңға қол қойды

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы ноталар алмасу нысанындағы келісімді ратификациялау туралы

2006 жылғы 6 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама шеңберінде Қазақстан Республикасының және Армения Республикасының уәкілетті органдары берген резиденттікті растайтын ресми құжаттарды тану тәртібі туралы 2018 жылғы 22 тамызда Астанада және 2018 жылғы 1 қарашада Ереванда жасалған ноталар алмасу нысанындағы келісім ратификациялансын.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 28 наурыз

№308 – VI ҚРЗ