WhatsApp желісі арқылы жергілікті тұрғындарға фейк ақпаратты жолдаған Р. есімді әйел Жамбыл ауданы Үмбеталы ауылының 31 жастағы тұрғыны екендігі және жергілікті мектептердің бірінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейтіні белгілі болған. Ұсталған мұғалім коронавирус туралы жалған ақпаратты ойланбай таратқанын толығымен мойындады.
Осыған орай Қылмыстық кодекстің 274-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол 3-тен 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.