Сонымен қатар, сарапшы ЖІӨ өсуіне әсер ететін екі факторды да атап өтті.
«Біз негізгі екі факторды бөліп аламыз. Қазақстанның негізгі сауда серіктестері болып табылатын елдердегі экономикалық белсенділіктің төмендеуі салдарынан экспорттық өнімдерге деген сұранысты азайтады. Сондай-ақ карантиндік шаралар ішкі нарыққа әсер етеді» дейді О. Төлеуов.
Төлеуов сонымен бірге Қазақстанның ЖІӨ 2021 жылы қалпына келу мүмкін екенін де айтып өтті. Бірақ мұның бәрі сыртқы сұраныстың қаншалықты тез қалпына келуіне байланысты екен. «Мұнай бағасы барреліне 50 доллардан асатын болса, онда 2021 жылы Қазақстандағы экономикалық өсім біздің алдын-ала болжамымыз бойынша, ол 2-4% деңгейінде дамиды», - деп түсіндірді Төлеуов.
Тәуелсіз экономист Ерлан Ибрагим көмірсутектердің ғаламдық бағасы төмен болып, Қазақстанда карантин бірнеше ай бойы жалғасса, ел экономикасы құлдырауды күтуі мүмкін екенін айтты.
«Наурызда Қазақстан экономикасы екі ауыр күйзелісті бастан кешірді: Оған көмірсутектердің әлемдік бағасының құлдырауы және елде енгізілген карантиннің салдары себеп болды. Арзан мұнай Қазақстан экономикасын негізгі табысынан айырды, карантиндік шаралар халықтың табысына айтарлықтай зиян тигізді. Әзірге осы екі фактордың әсері қанша уақытқа созылатындығы белгісіз. Егер олардың мұнай бағасы бірнеше айға дейін қымбаттамаса, карантин мерзімі ұзарса, ішкі жалпы өнім төмендейді», деп атап өтті Е. Ибрагим.
Сонымен бірге ол 2021 жылы ЖІӨ өсуінің қалпына келуі әбден мүмкін деп айтуға ерте екенін айтты. Біздің ішкі жалпы өнім карантиннің ұзақтығы мен мұнай бағасына тәуелді екенін тағы да еске салып өтті. Егер карантиндік шаралар ұзақ уақытқа созылмаса және мұнай бағасы дағдарысқа дейінгі деңгейге оралса, келесі жылы біз ІЖӨ өсуіне куә боламыз. Бірақ бұл сценарийдің орындалу мүмкіндігі әзірге төмен.
Финам сарапшысы Сергей Дроздов кеше онлайн жиында экономикадағы құлдырау бірінші және екінші тоқсанда болуы мүмкін екенін ескертіп өтті. Ал Қазақстанның ЖІӨ динамикасы биліктің әрекетіне байланысты. Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері ескеріліп қабылданған шешімдер өсімге әсер етеді. Коронавирус эпидемиясымен күрес, өнеркәсіптік аудандар мен қалаларды жауып, зауыттар мен фабрикаларды тоқтатады, экспорт пен импортты шектейді. I және II тоқсанда Қазақстан ғана емес, жаһандық ІЖӨ құлдырауды бастан кешеді.
«Сондықтан энергияға деген сұраныстың төмендеуінің әлемдік дағдарысқа әсері аз. Ол жекелеген мемлекеттер мүддесінің теке-тіресі немесе саяси шоу. Дәл қазір оның жалғаса беруіне екі ел де мүдделі емес. Себебі қазір әлемдік катаклизмді бастан кешіп жатырмыз. Сауд Арабиясы Ресейдің ОПЕК + келісіміне қосылудан бас тартқаннан кейін басталған баға соғысы Қазақстанның негізгі экспорттық өнімдерінің бірі - мұнай бағасына қосымша қысым жасап жатыр. Біз қазір қосарланған қысымның құрсауында қалды. Қазіргі сәтте Қазақстанның ЖІӨ-нің шығынын бағалау өте қиын, оның деңгейі билік органдарының өз экономикаларын қорғау әрекеттеріне байланысты болады», деп түсіндірді Дроздов.
Еске салсақ, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов үкімет 2020 жылға қарай ЖІӨ өсу болжамын қайта қарайтынын, есептеу бірінші тоқсан аяқталғаннан кейін жасалатынын айтқан болатын.