Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Атырауда 700-ге жуық экспресс-тест бар

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, коронавирус инфекциясының бар-жоғын тексеретін экспресс-тест  шет елдерден келгендерге, сондай-ақ, жергілікті емханаларға  ЖРВИ белгісімен жүгінген адамдарға жүргізілуде.

Атырауда 700-ге жуық экспресс-тест бар

Коронавирус белгісі анықталған адамдармен жақын қарым-қатынаста болған тұрғындарға да сынама тест жүргізіледі.  Дәрігерлер тест нәтижесін 6 сағаттан кейін алады.

–Атырау қаласында  тұрғындардан  экспресс-тест алатын 5 вирусология тобы жұмыс істеуде.  Жалпы, аймақта коронавирусты анықтауға арналған  700 тест бар. Тест   топтамалары  қосымша қажет болса, тағы да тиісті мөлшерде жеткізілетін болады» деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. 

Жұмасат ҒАЗИЗ