Аймақтар • 30 Наурыз, 2020

Шымкентте ірі көшелермен, саябақтарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында коронавирус індетіне қарсы профилактикалық шаралар жалғасуда. Дезинфекциялау жұмыстары Қаратау ауданындағы Н.Назарбаев және Бәйдібек би даңғылдарында, сондай-ақ Бәйтереков, Назарбеков, Арғынбеков көшелерінде жүргізілуде.

Шымкентте ірі көшелермен, саябақтарда дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде

Қаладағы дезинфекциялау жұмыстары қазіргі таңда саябақтар мен қоғамдық орындарда үздіксіз жүргізілуде. Мәселен, бұған дейін Арбат алаңы мен Shymkent Plaza ойын-сауық кешені аумағын әскерирлер залалсыздандырды.

Осы орайда, елімізде енгізілген Төтенше жағдайға байланысты адамдар көп шоғырланған жерлерге бармауларыңызды, көшелерде негізсіз жүрмеулеріңізді тағы да сұранамыз. Аса қажеттілік туындаған жағдайда барынша сақтық шараларын ұстанып, бетперде киюді ескертеміз.