«Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстеме ақы 10 ЖТМ (425 мың теңге) құрайды.
«Барлығы – 11951 маман. Олардың үстеме ақысы айына 425 мың теңгені құрайды. Яғни, орташа айлығын қосқанда олар айына шамамен 600 мың теңге алады», деді Дәурен Абаев.
Айта кету керек, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында Мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы бекітілген үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті.