- Атырау қаласында карантин мен облыс аумағында шектеулердің енгізілуіне байланысты волонтерлер штабы құрылды. Штабқа қаланың кез келген тұрғыны ерікті бола алады. Олар сұранысқа ие салаларда жұмыс істейді, - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Волонтерлер штабы бес бағытты қамтиды. Соның ішінде авто-еріктілер тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізуді көздеп отыр. Ал, медицина еріктілері жедел жәрдем станциясының мамандарына, СЭС еріктілері дезинфекция жұмыстарын атқаруға көмекші болады. Сондай-ақ, еріктілердің келесі тобы полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды. Бірнеше мәрте қолданатын медициналық маска тігуге еріктілер тігіншілер білек сыбана кіріспек.
Жұмасат ҒАЗИЗ