Бәріңіз білетіндей, 6 сәуірден бастап орта білім беру ұйымдары қашықтан оқытуды бастайды. Осыған орай министрлікте ситуациялық орталық құрылды.
– Аталған орталық мектептердегі ғана емес, бұған дейін қашықтан білім беруге көшкен колледждер мен жоғары оқу орындарындағы жағдайды күн сайын жіті бақылап отырады. Өйткені біз үшін қашықтан оқытудың қалай жүргізілгені ғана емес, білім берудің сапасы де аса маңызды, – деді министр.
А.Аймағамбетовтың айтуынша, әр облыстық білім басқармасы мен аудан, қалалық білім бөлімдері жанында әдістемелік көмек көрсететін call-орталықтары жұмысын бастайды. Министрлікте де 14-50 қысқа нөмірі бойынша call-орталық бар.
– Министрлікте құрылған call-орталық 5 млн-ға жуық білім алушыларымыздің (студенттер, оқушылар) көкейіндегі туындаған сұрақтарына жауап беруді міндетіне алады, – деді спикер.