Міне, енді келер жылы 100 жылдығын атап өтетін Қазақ радиосы да балаларға қашықтан білім беру жүгін бірге еңсермек.
– Соңғы тоқсанның білім бағдарламасын қамту үшін 3 мыңнан аса сабақ түсіруге тиіспіз. Қазір сол теле-сабақтардың 300-ден астамы дайын. Келесі үлкен бағыт – радио. Қазақтың қара шаңырағы саналатын Қазақ радиосының үні байланысы жоқ шалғай елді-мекендерге жетіп жатқанын білеміз. Сондықтан Қазақ радиосымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде кесте бойынша радио-сабақ беруді бастамақпыз, – деді А.Аймағамбетов.