Қаржы • 31 Наурыз, 2020

Таратылған Наурыз Банктің кепілді өтемді төлеу мерзімі аяқталды

13 реткөрсетілді

«Наурыз Банк Қазақстан» АҚ түпкілікті таратылуына байланысты, 2020 жылғы 30 наурызда оның салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу тоқтатылды. Еске саламыз, аталмыш банкті тарату рәсімі 2005 жылдың 2 желтоқсанында басталды. Дәл осы күні тиісті сот шешімі заңды күшіне енді.

Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамаға сәйкес, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ, Қор) салымшылар алдындағы мiндеттемелерi қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн, бiрақ сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейiн тоқтатылады. Наурыз Банк туралы мәлімет Ұлттық тізілімге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы № 1265-р бұйрығымен енгізілді.

Осылайша 2020 жылғы 30 наурызда Наурыз Банк салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу бойынша ҚДКБҚ міндеттемелерінің мерзімі толығымен өтті. Банктің өтініш берген барлық 3 639 салымшысына жалпы сомасы 679,5 млн теңгеге кепілдік берілген өтем төленді. 2006 жылдың 14 маусымынан бастап «Наурыз Банк Қазақстан» АҚ салымшылары кепілдік берілген өтемді алу үшін тікелей Қорға жүгіну мүмкіндігіне ие болды. Бұған дейін агент банк қызметін атқарған «Банк Тұран Әлем» АҚ салымшыларға төлемді 2005 жылдың 14 желтоқсанынан бері төлеп келді. 

Қазіргі уақытта таратылып жатқан «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қазинвестбанк» АҚ, «Delta Bank» АҚ, «Астана Банкі» АҚ, «Qazaq Banki» АҚ және «Эксимбанк Қазақстан» АҚ салымшыларына ҚДКБҚ атынан және қаражаты есебінен кепілдік берілген өтемдерді төлеу жалғасып жатыр.

Бүгінде Қор кепілдігі теңгедегі мерзімсіз және мерзімді салымдар бойынша– 10 миллион теңгеден аспайтын, жинақ салымдар бойынша – 15 миллион теңгеден аспайтын көлемде белгіле­­­нген.Еске сала кетелік, теңгелік депозиттер бойынша кепілдік берілген ең жоғары сома бірнеше рет қайта қаралған. Мысалы, 2006 жылы мемлекеттік кепілдік сомасы 400 мың теңгені, 2007 жылы – 700 мың теңгені құрады. Ал 2012 жылы мемлекеттік кепілдік сомасы 5 млн теңгеге дейін, 2015 жылдың сәуірінде 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Кеше

Құрдым (төрттаған)

Әдебиет • Кеше

Жаңа форматтағы жыр кеші

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар