Аймақтар • 31 Наурыз, 2020

Алматыдағы 9 індет ошағы карантиннен шықты

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы сәттерде Алматы қалалық өңірлік коммуникация алаңында БАҚ өкілдерімен байланыс онлайн түрінде жүріп жатыр.

Алматыдағы 9 індет ошағы карантиннен шықты

Фото авторы: Максим Золотухин

Коронавирус инфекциясын жұқтырған тұлғалармен байланыста болған адамдардың арасында инфекцияға тән клиникалық симптомдардың пайда болуы мүмкін мерзімнің, яғни инкубациялық кезеңнің аяқталуына байланысты 4 аудандағы 9 індет ошағынан шектеу шаралары алынды.

Карантиннен шыққан мекен-жайлар:

  1. Медеу ауданы – Зенков к-сі, 59; Достық к-сі, 162; Гоголь к-сі, 75;
  2. Түрксіб ауданы – «Алтай-1» ықшамауданы, 8; «Жас Қанат» ықшамауданы, 86; Майлин к-сі, 77; Спасская к-сі, 63а;
  3. Жетісу ауданы – Еңлікгүл көшесі, 34а;
  4. Бостандық ауданы – Тұрғыт Озал көшесі, 242.

 

АЛМАТЫ