Қазақстан • 31 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтанда қар суының 200 мыңнан астам текше метрі сорылды

11 реткөрсетілді

Су астында қалған жерлерден суды сору жұмыстары ауа райының жылынуы мен қардың еруіне байланысты жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қардан тазарту және оны шығару жұмыстары Нұр-Сұлтан қаласында тәулік бойы жүргізілуде. Арнайы штаб құрылып, қардан тазарту жұмыстарының кешенді жоспары бекітілді. Су астында қалған 37 орын анықталған.  Олардың 7-і – Алматы ауданында, 12-сі – Байқоңыр ауданында, 13-і – Есіл ауданында, 5-і – Сарыарқа ауданында. Әрбір нысан бойынша қажетті материалдар бөлініп, жауапты тұлғалар бекітілді. Жұмыс, бірінші кезекте, қардан тазарту және нөсерлі кәріздерді тазалау мақсатында атқарылып жатыр.

Қалада, оның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы маңында су тасқынына қарсы жұмыстар қолға алынды. «Еріген суды сору қаланың барлық көшелерінде жүргізіліп жатыр. Аулаларды аралау жұмыстары да жалғасуда. Мұндай жұмыстарға қалада 200-ден астам машина, 20-дан астам мотопомпа жұмылдырылған. Осылайша елорда әкімінің тапсырмасына сәйкес тиісті қызметтер қаладағы орындардың жаппай су астында қалуын болдырмауға бағытталған шараларды қабылдауда», – деп мәлімдеді «Астана Тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары Марсель Ұзақов.

Оның айтуына қарағанда, қазіргі таңда Майбалық көлі мен Нұра - Есіл арнасынан суды өткізу шаралары жүргізіліп жатыр. Бейсеков көшесінде өзен арнасын кеңейту жұмыстары басталып кеткен.

Су басу мәселелері бойынша тұрғындар Нұр-Сұлтан әкімдігінің iKOMEK 109 бірыңғай байланыс орталығына, «Астана Тазалық» ЖШС-нің (8 7172) 48-43-26 нөміріне және аудан әкімдіктерінің телефон нөмірлеріне хабарласа алады.

Соңғы жаңалықтар

Қолы шебер, ісі бекем

Аймақтар • Бүгін, 07:29

Мұнай-газ секторының сын сағаты

Экономика • Бүгін, 07:22

Естір құлақ есті болса...

Саясат • Бүгін, 07:19

Мал баққанға бітеді

Аймақтар • Бүгін, 07:10

Зұлмат зардабы

Тарих • Бүгін, 06:54

Жауапкершілік жүгі ауыр

Коронавирус • Бүгін, 06:50

Қала дамуына қарқын береді

Экономика • Бүгін, 06:46

Дала данышпаны

Абай • Бүгін, 06:43

Халық үнемдеуге көшті

Экономика • Бүгін, 06:35

Індетті тәртіп жеңеді

Коронавирус • Бүгін, 06:31

Ұқсас жаңалықтар