29 Тамыз, 2013

Үкімет үшжылдық бюджетті қолдады

238 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

ERA 2494Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджет жобасы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы талқыланды.

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджет жобасы мен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы талқыланды.

Алдағы 3 жылға арналған рес­­­пуб­ликалық бюджет жобасы Мем­лекет басшысы тарапынан қол­дау тапқанын еске салған Үкі­мет басшысы С.Ахметов жиын ба­сында Елбасының тапсырмасы­на сай бюджеттің игерілуін жа­у­ап­кершілікпен бақылау қажеттігін атап өтті.

Бюджет жобасы бойынша Эко­но­мика және бюджеттік жос­пар­лау министрі Ерболат До­саев баян­дады. Ол болжамды пара­метр­лер­дің «Стратегия-2020» даму бағ­дарламасын және Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген мін­дет­терді орындауға бағытталғанын атап өтті.

Министр келтірген дәйектерге сүйенсек, 2014-2018 жылдардағы экономиканың нақты өсімі 6,0-7,1 пайыз деңгейіне жетеді деп бол­жануда. Орта мерзімді ке­зең­де экономика өсімі индус­трия­лық-инновациялық және инфра­құрылымдық жобаларға салынатын инвестиция көлемінің артуы есебінен, Қашаған кен орнында мұнай игерудің басталуы мен ха­лық тұтынысының өсуімен қам­та­масыз етіледі. Аталған кезеңде ішкі сұраныс орташа 7,5 пайыз қар­қынмен өсетін болады.

«Номиналдық ІЖӨ 2014 жылы 38,6 трлн.-нан 2018 жылы 65,9 трлн. теңгеге дейін өседі деп болжануда. ІЖӨ жан басына шаққанда 2014 жылы 14,6 мың АҚШ долларын құрайды, ал 2018 жылға қарай 24 мың АҚШ долларына дейін өседі, жылдық инфляция деңгейі 2014-2018 жылдары 6,0-8,0 пайыз шегінде болады, деді Е.Досаев.

Орта мерзімді кезеңдегі әлеу­мет­тік-экономикалық басым­дық­тардың қатарында, министр, макроэкономикалық жә­не қар­жылық тұрақтылықты, эко­но­ми­каның тиімділігі мен бәсе­ке­лес­тікке қабілеттілігін арттыруды, әлеуметтік жаңғыруды, өңірлік дамуды, тиімді мемлекеттік бас­қару жүйесін қалыптастыруды, халықаралық интеграция мен өзара іс-қимылды дамытуды атады.

Е.Досаев, сондай-ақ 2014-2016 жыл­дарға арналған рес­пуб­­ли­калық бюджеттің мак­ро­эконо­микалық болжамы негізінде жасалған бюджеттік блоктың бір­қатар құжаттарын таныстырды. «2014-2016 жылдарға арналған рес­публикалық бюджет туралы» заң жобасында ҮИИДБ, «Биз­нес­тің жол картасы-2020», «Жұ­мыс­­пен қамтудың жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» бағ­дар­ламаларын одан әрі дамыту қарастырылған.

Әлеуметтік тұрақтылықты қам­тамасыз ету мақсатында мемлекет қабылдаған барлық әлеуметтік міндеттемелер қаржылай қам­та­масыз етіліп және денсаулық сақ­тау мен білім беру салаларын қар­жыландырудың ашық нұс­қасына көшу жалғаса береді.

Министр сонымен қатар, «Ұлт­тық қордың 2014-2016 жылдарға ар­налған кепілді трансферттері туралы», «2014-2016 жылдарға арналған республикалық жә­не облыстық бюджеттер ара­сын­дағы, республикалық маңыз­да­ғы қалалар, мемлекет астана­сы арасындағы жалпы транс­ферт­тердің көлемі туралы», «Қа­зақ­стан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне бюд­жет­тік заңды жетілдіру мәселелері бой­ынша өзгерістер мен толық­ты­ру­лар енгізу туралы», «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­намалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірқатар бюджеттік заң жо­ба­ларының жайы туралы хабарлады. Бюджеттік блок құжаттарының қа­тарында министр Президенттің «Ұлттық қордың 2014 жылға ар­нал­ған мақсатты трансферті туралы» Жарлығының жобасын атады.

Е.Досаевтың айтуынша, бюд­жеттік қаржы толық иге­ріл­­ген жағдайда бюджеттік бағ­дар­ламалардың тиісті нәтижелерге қол жеткізе алмауына бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бірінші басшысының жауап­кершілігі мәселесін енгізу ұсы­нылған.

Сондай-ақ жергілікті бюд­жеттен ең төменгі көлемнен аз қаржы бөлінген жағдайда, заңмен белгіленген жалпы сипаттағы трансферттер, сондай-ақ жете қар­жыландырмау сомасының жо­ғары тұрған бюджетке міндетті қай­тарылмауы жағдайында әкім­дердің жауапкершіліктері белгіленуде.

Министр атап өткендей, «мем­­лекеттік органдардың стра­тегиялық жоспарларының рөлін арттыру үшін Парламентте респуб­ликалық бюджет туралы заң жобасы қаралған кезде жобалардың бірінші басшысының стратегиялық жоспарларды қорғауы мәселесі қа­растырылуда».

Талқылау нәтижесін