29 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы № 623.

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы

№ 1457 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Ережесін бекіту туралы» Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 483-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі, Үкіметі және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті

Н.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 27 тамыз, № 623.

ТОЛЫҚ МӘТІН