Коронавирус • 01 Сәуір, 2020

Ғалымдар COVID-19-дың таралуын анықтайтын тест ойлап тапты

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүкіләлемдік ғалымдар коронавируспен күреске кіріскені белгілі. Осы орайда британдық ғалымдар екі түрлі тест ойлап тапты. Қос тесттің бірі таралған инфекцияны, екіншісі қазіргі вирустық ахуалды анықтайды. Бірақ тестті өткізетін мамандар жетіспей жатыр. Бұл туралы Ұлыбританияның The Guardian газеті жазды.

Ғалымдар COVID-19-дың таралуын анықтайтын тест ойлап тапты

Ғалымдар өздері әзірлеген екі түрлі тест жинағын қолданатын бағдарламалар көмегімен аурудың елге қалай әсер ететінін, таралу қарқынын болжауға болатынын айтады. Зерттеушілер тобы инфекцияның жаңа жағдайлары қайда және қашан пайда болатынын тезірек түсіну керектігін атап өтті. Сонымен қатар ғалымдар аурудың келесі айлардағы ахуалын пайымдай алудың, алдын-ала белгілі болмаса да оны жұқтырған адамдарды анықтаудың өте маңызды екенін жеткізді. Екі бөлек тест осы жеке мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бірінші санаттағы – жаңадан жұқтырған адамдарды анықтау үшін медициналық персонал адамға вирустық бөлшектерді таба алатын ПТР, яғни полимеразды тізбекті реакцияны (PCR – Polymerase Chain Reaction) тесттен өткізу керек. Тест коронавирустың гендік тізбегін анықтайды, содан соң оңай табуға болатын бірнеше көшірме жасайды.

Бат (Bath University) университетінің ғалымы Эндрю Престонның айтуынша, тест вирусты анықтауда өте тиімді болғанымен, оның дұрыс нәтижесі медицина қызметкерлерінің науқастардан, мұрын мен жұлыннан қаншалықты жақсы тест алуына байланысты.

Айта кетейік, Ұлыбритания үкіметі қазір Оксфорд университетінің ғалымдары тексерістен өткізіп жатқан тесттердің 3,5 млн данасын сатып алатынын жариялады. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше