31 наурыз сағат 18-дегі жағдай бойынша табыстан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер тағайындауға жалпы алғанда 11115 адам жүгінген. Оның ішінде:
– Нұр-Сұлтан – 3885;
– Алматы – 3575;
– Шымкент – 80;
– Ақмола – 121;
– Ақтөбе – 206;
– Алматы – 125;
– Атырау – 10;
– ШҚО – 27;
– Жамбыл – 237;
– БҚО – 50;
– Қарағанды – 261;
– Қостанай – 1772;
– Қызылорда – 111;
– Маңғыстау – 9;
– Павлодар – 481;
– СҚО – 14;
– Түркістан – 151.
Төлемді 1 205 адам алды.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайларына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем мөлшері айына 42,5 мың теңгені құрайды (ең төменгі жалақы), ол келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);
- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);
- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – БЖТ);
- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын адамдар, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған жеке тұлғалар кіреді.
- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.
Әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау үшін жұмыс берушілер өтінішпен қызметкерлердің тізімін ғана ұсынады; ЖК, ЖП, АҚС және БЖТ төлеушілер жеке деректерді көрсете отырып, тек өтініш береді.
Сондай-ақ, қызметкер жұмыс берушінің өтініш беруін күтпей-ақ өтінішті өзі бере алады.
Сонымен бірге барлық өтініш берушілер төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кірістерді жоғалту фактісінің дұрыстығы үшін өзіне жауапкершілік алады.
Өтініш «Электрондық үкімет» веб-порталында «Электрондық өтініш» сервисі арқылы электрондық форматта беріледі.
Әлеуметтік төлем тағайындау үшін қызметкердің (ЖК және ЖП дербес) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (АҚС үшін – БЖЗҚ-ға жарналар) соңғы 12 айда кемінде 1 рет әлеуметтік аударымдар жасауы жеткілікті болады.
МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемді тағайындауға үміткер азаматтарға әлеуметтік аударымдар немесе зейнетақы жарналарының бар-жоғын дәлелдеудің қажеті жоқ, бұны автоматты түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ тексереді.
Өтінімдерді қарау және әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі қысқартылды, 3 жұмыс күнін құрайды.