Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Алматыда онлайн-кеңесшілердің саны артты

171 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бұл күндері пандемия салдарынан Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтап тұрғаны белгілі. Азаматтар енді мемлекеттік қызметтерді тек электронды форматта ғана ала алады. Осыған орай, халықтың онлайн қызметтерді алу бойынша кеңес сұрайтындар саны өскен. Сол себепті, Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы филиалында халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынатын онлайн-кеңесшілердің саны арттырылды.

Алматыда онлайн-кеңесшілердің саны артты

Онлайн кеңесшілердің бірқатары онлайн-ХҚО-да қызмет көрсетіп отыр. ЭЦҚ көмегімен барлық мемлекеттік қызметтердің 80% алуға болады. Сол себепті, азаматтарға ыңғайлы болу үшін, электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) онлайн алу мәселесі шешілді. Көптеген азаматтар мемлекеттік қызметтерді үйде отырып алу үшін ЭСҚ алуға, немесе мобильдік азаматтар базасына тіркелуге өтініш беруде. Ал олардың сәйкестендіру рәсімін растау үшін онлайн ХҚО жұмыс істеуде.

«Онлайн ХҚО 40 оператор екі ауысымда қызмет көрсетеді. Егер азаматтың телефон нөмірі мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген жағдайда, жүйе оны ХҚКО операторымен қосады, ол бірқатар қосымша сұрақтар (құжаттардың деректері, тіркеу орны және т.б.) қоя отырып азаматты бейнебайланыс арқылы сәйкестендіреді», дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Бұдан басқа, Алматы қаласы бойынша қызмет алушылардың сұрақтарына жедел жауап беру үшін арнайы Call-орталық жұмыс істейді.

«Call-орталыққа 1414 нөмірі бойынша халықтан қоңыраулар қабылдап, кеңес беретін 110 қызметкер жұмылдырылды. Call-орталық қызметінің сапасын қамтамасыз ету және қызметкерлерге жүктемені азайту үшін 60 кеңес беруші екі ауысымда жұмыс істеуде.Тағы 50 қызметкер үйде отырып, тұрғындарға кеңес беріп, олардың мәселелерін жедел шешуге көмектесуде», дейді Данияр Батанұлы.

Call-орталық ашылған сәттен бастап 25 мыңнан астам кеңес берген. Күніне 6-7 мың адам әр түрлі сұрақтармен жүгінеді.

Мамандардың айтуынша, негізінен тұрғындар туу туралы куәлік алу, бала тууына байланысты жәрдемақылар, МАБ жазу, автокөлікке қатысты құжаттарды үйге жеткізу қызметі, онлайн ЭЦҚ алу, жеке куәлік алу, уақытша және тұрақты тіркеу, емханаға бекіту туралы, автокөлік құралдарын есептен шығару және қою, автокөлікке тыйым салуды тексеру, жүргізуші куәлігін қалай алу және ауыстыру туралы, сондай-ақ қайтыс болу туралы куәлікті қалай алу, жерлеуге арналған құжаттарды, техникалық паспорт, жер учаскесінің мемлекеттік актісі, ЖК қалай ашуға болады және т. б. сұрақтарды жиі қойып отыр.

Айта кету керек, 608 мемлекеттік қызметті электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады, оның ішінде мамандандырылған бөлімдердің қызметтері де бар. Смартфон арқылы 60 қызмет түрін алуға мүмкіндік бар.

     Осылайша, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ халықтың электрондық үкімет порталын белсенді пайдаланып, сыртқа шықпай-ақ, бар жұмысын үйде бітіріп, мемлекеттік қызметтерді онлайн алуына жағдайлар жасауда.Қызметтерді онлайн ала отырып әркім өзін және жақындарын қорғап, ортақ қауіпсіздікке өз үлесін қосатынынбілген жөн.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше