Білім • 01 Сәуір, 2020

Аделина әлемдегі ең беделді екі бірдей университетке қабылданды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз айында Елемесовтер отбасына сүйіншілеген хабар бірнеше елден қатар жетті. Бұл – Аделинаның әлемдегі ең беделді университеттерге қабылданғаны туралы ресми хаттар болатын.

Аделина әлемдегі ең беделді екі бірдей университетке қабылданды

Осылайша, Халықаралық бакалавриат (IB) Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Аделина Елемесова Плющ Лигасының екі бірдей университетінің болашақ студенті атанып шыға келді.

Плющ Лигасының  Колумбия және Корнелл сияқты ең әйгілі университеттері қазақстандық түлекті студент ретінде қабылдауға дайын. Сонымен қатар талапты жас Northwestern University (АҚШ), Amherst College (АҚШ), YaleNUS (Сингапур), Duke Kunshan University (Қытай) оқу орындарынан шақырту алды.

Бүгінгі күндері Аделина қай университетті таңдайтыны туралы шешім қабылдайды. Дегенмен дарынды қыз өзінің мамандығы ғылым және жасанды интеллектпен байланысты болатынын анық біледі.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық бакалавриат (IB) Назарбаев Зияткерлік мектебінің  12-сынып оқушысы Аделина Елемесова – еріктілер қозғалысының және TEDx жобалардың белсенді қатысушысы, теннистен қалалық және республикалық турнирлердің чемпионы.

 

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше