Парламент • 01 Сәуір, 2020

Митингілер туралы заң жобасы бейнеконференция форматында талқыланды

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарауға әзірлеу барысында оның қолданыстағы нормаларын талқылау бойынша кезекті шара өтті. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.

Митингілер туралы заң жобасы бейнеконференция форматында талқыланды

Карантин режимінің күшеюіне байланысты қатысушылардың барлығы аудио- және бейне конференциялар арқылы пікір алмасты.

Мәжіліс депутаттары мен заң жобасын әзірлеушілерден басқа, азаматтық және ғылыми қоғамдастық өкілдері қатысқан іс-шараны басқарғанжұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Қанат Мусин. Талқылау барысында бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылардың міндеттеріне қатысты мәселелерге баса назар аударылды. Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Асылбек Қожахметов, қоғам қайраткерлері Мұхтар Тайжан мен Мұрат Әбенов, саясаттанушы Ерлан Саиров, Жоғары заң мектебінің деканы Сәуле Амандықова өз ойларымен бөлісті.

Келесі жұмыс топтарының талқылауына Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин заң жобасын бірінші оқылымда қарау барысында назар аударған нормалар түседі.