Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Ғалымжан, Рахымжан, Мейіржан: үшем үйіне барды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 ақпан күні Алматы қаласындағы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханада үшемнің кіндігі кесілген еді. Жамбыл ауданына қарасты Қарғалы ауылында тұратын Ләззат Қаланова аман-есен аяқ-қолын бауырына алып, Ғалымжан, Рахымжан және Мейіржан есімді 3 ұлды дүниеге әкелген. Бүгін сәбилер анасымен бірге үйіне аттанды.

Ғалымжан, Рахымжан, Мейіржан: үшем үйіне барды

- Қазір үш ұлдың да, анасының да денсаулықтары жақсы.  Біздің ауруханаға 11 ақпан күні жоспарлы түрде жатқызған болатынбыз. Жүктіліктің 31 аптасында кесір тілігін жасау арқылы үш ұл яғни, 29 ақпан күні дүниеге келді. Бұл жағдайды Денсаулық сақтау басқармасы үнемі бақылауда ұстап отырды. Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов пен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ 8 наурыз күні  арнайы келіп, үшемдердің анасын мерекесімен құттықтаған болатын,- деді Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасының директоры Жұмахан Молдақұлов.

Үшемді үйіне ауруханның жедел жәрдем көлігі жеткізді.   Олардың Қарғалы ауылындағы үйіне аудандық аурухана қызметкерлері дезинфекциялау жұмыстарын жүргізген болатын. Дәрігерлер отбасы мүшелеріне алгаритмге сай залалсыздандыруды үйретті. Сондай-ақ Алистановтар отбасына аталған ауруханадан арнайы дезинфекцияға арналған құралдар, жеке қорғаныс құралдары да берілді.

 

Алматы облысы