Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Алматыдағы телесабақтарды ең мықты мұғалімдер жүргізеді

641 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Білім Басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.

Алматыдағы телесабақтарды ең мықты мұғалімдер жүргізеді

Қалалық білім басқармасының жетекшісі қашықтан білім беру мәселелеріне қатысты брифинг өткізіп, мектеп оқушыларын онлайн оқытудың жай-жапсарына тоқталды.

Қашықтан дәріс беруді сынау барысында мұғалімдер мен оқушылардың 90 пайызы онлайн-байланысқа шыға алған.

Сонымен 6 сәуірден бастап Алматы қаласының барлық мектептері қашықтықтан оқытуға көшеді.

– Қазіргі уақытта біздің педагогтар оқытудың жаңа форматына   көшуде өте ауқымды жұмыстарды атқарып отыр. Мұғалімдер өздерінің сабақ жоспарлары мен дәрістеріне толықтай өзгеріс енгізуде.

Білім басқармасы мектептерде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін курстар өткізіп жатыр.

Білім және ғылым министрлігі Білімланд, Дарын.онлайн, Күнделік және басқа да интернет платформаларының оқыту контентіне тегін қолжетімділік  туралы  келісімге қол жеткізді.

Әрине, техникалық көмек көрсетуді ұйымдастыру өте маңызды мәселе. Біздің 276 мыңға жуық студентіміз бен педагогтеріміз техникалық және әдістемелік көмекті қажет етеді, сондықтан әр мектеп, әр колледж, білім бөлімдері,   Білім басқармасы және Білім және ғылым Министрлігі деңгейінде колл-орталықтар ашылған, – деді Ләззат Жылқыбаева

Орта білім беруде қашықтықтан оқытуды  ұйымдастыру Алматы қаласында екі бағыттан тұрады:

Бірінші бағыт – интернет жүйесі арқылы, сабақ жүргізуге болатын moodle, Google classroom және басқа да платформалар секілді интернет платформалары арқылы жұмыс.

Бірақ, бұл интернет платформаларын пайдалану үшін, әрине, бізге тиісті жабдықтар қажет.

Қашықтықтан оқыту үшін, оқушылар мен мұғалімдерге мектептегі компьютерлерден 10 мың компьютер жауапты сақтауға берілді. Қалған 3   мыңнан астам оқушы, жанбасына қаржыландыру шеңберінде қарастырылған қаражатты үнемдеу есебінен, компьютерлік құрылғыларды (ноутбуктер, планшеттер)  қосымша сатып алу есебінен қамтамасыз етіледі.

Мектеп жасындағы балалары тек 1 дана компьтері бар көпбалалы отбасылар демеушілік қаражат есебінен қосымша компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі (бір отбасыда 5 және одан көп оқушы).

Қазіргі уақытта Білім Басқармасы «Кселл», «Казахтелеком» және «Билайн» байланыс операторларынан әр түрлі тарифтік жоспарларды қосуға қатысты түскен ұсыныстарды жан-жақты қарастырып отыр.

«Кселл», «Билайн», «Теле2», «Алтел» ұялы байланыс операторлары арқылы 714 мұғалім мен 4 000 отбасы  мектеп оқушыларының интернетке қолжетімділігін «Қазақтелеком» арқылы шешу туралы алдын ала шешіліп отыр.

Екінші қосымша бағыт– бұл телеарналар арқылы оқыту, теледидар сабақтары. Төртінші тоқсанның басынан бастап 1–11 сынып оқушылары үшін аптасына бес күн «Балапан» және «Ел-Арна» телеарналарында сабақтар көрсетіледі.

Білім Басқармасы «Алматы» телеарнасымен бірлесіп, 9 және 11-ші сынып мектеп түлектерінің бағдарламалық материалды сапалы игеруі үшін, телеарналарда көрсетілетін жаратылыстану-математикалық бағыттағы сабақтарды  қосымша жазып жатыр. Сонымен қатар,ҚР БжғМ ҚазақРадиосы-радиоарнасы арқылы оқыту туралы  келісімге қол жеткізді.

Төртінші тоқсанның басталуына сәтті дайындалу үшін, бүгін, 01.04.2020 жылы Бүкіл республика бойынша сынақ сабақтары өткізілуде. Негізгі мақсаты – жүйенің қалай жұмыс жасайтындығын білу үшін, олармен байланыс орнатуға, тестілеуге, қарап шығуға және осы жүйенің жұмысымен танысуға дайындық.

– Бейсенбі күні, яғни 2 сәуіррде Республика бойынша ата-аналар жиналысы өтеді. Біздің міндетіміз – ата-аналарға қашықтықтан оқытудың қалай ұйымдастырылатынын, ата-аналардан қандай көмек қажет екенін және жалпы елімізде оқу үдерісінің қалай жүретінін түсіндіру.

Жұма күні, 3 сәуірде  елімізде  Интернет байланысы арқылы, басқа жүйелер арқылы сынып сағаттарын өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты мұғалімдердің жалақысы өзгеріссіз қалатындығын, студенттер де шәкіртақы алатындығын хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта, осы жағдайда ата-аналардың қатысуы өте маңызды рөл атқаратынын айтқым келеді, сондықтан мен барлық ата-аналардан шыдамдылық танытып, оқу үрдісінің осылайша ұйымдастырылуына түсіністікпен қарауын сұраймын, – деді қалалық Білім басқармасының басшысы.

 

 

АЛМАТЫ