Өскемендегі №27943 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Теміржол бекеті, Автобекет, Орталық базар, "КШТ", Гагарин бульварі және Славский жағалауындағы аумақтарға дезинфекция жасалды.
Сержант Ақылбек Мұхамадиевтың айтуынша, зарарсыздандыру шаралары адам көп жүретін жерлерде жүргізілген. «Көшелер мен аялдамаларды жуу, тазалау және залалсыздандыру жұмыстары алдағы уақытта да жүргізіледі деп ойлаймын. Қала тұрғындарына айтарымыз, үйден шықпайық, талаптарды қатаң сақтайық және сабырлылық танытайық» дейді ол.
ӨСКЕМЕН