Руханият • 02 Сәуір, 2020

Сенімімізді нығайтқан нақты қадам

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл Мәлімдемесі – барлық саланы тегіс қамты­ған маңызды мәлімдеме болды. Шыны керек, барлық қазақстандық Мем­лекет басшысының әр сөзін қатты алаңдау­шылықпен, зор жауапкершілікпен, үлкен үмітпен тыңдады.

Сенімімізді нығайтқан нақты қадам

Төтенше жағдайда халыққа жәрдем көрсету, олардың денсаулықтарына алаңдаушылық білдіру, кәсіптерінің тұралап қалмауына қамқорлық таныту, жұмыссыз қалғандардың жағдайына қарайласу үлкен көмек болып табылады. Моральдық қолдаудан бөлек, материалдық жәрдем берілетіні айтылды.  Бұл – халықтың билікке деген сенімін нығайтатын нақты қадам деп білемін.

Президент өз мәлімдемесінде сондай-ақ халықтың билікке де көмек қолын созуын тапсырды. Бұл – әрқайсымыз қауіпті індеттің алдын алуда сақтық шараларын күшейтіп, бірлік танытуымыз керек деген сөз. Біздің билікке беретін көмегіміз – «Біз біргеміз!» деген ұранды ауызбен емес, шын пейілмен айту және соны ұқыпты атқару.

Қазақта «Қанағат қарын тойғызар» деген қанатты сөз бар. Біздің тәубешіл халық талай тар кезеңді артқа тастап осы күнге жеткен еді. Мемлекет басшысы кешегі Мәлімдемесі арқылы бұл сынақтан да сынбай өтетінімізге зор сенім ұялатып отыр.

 

Бақытжан ҚАНАПИЯНОВ,

ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері