Қазақстан • 02 Сәуір, 2020

Қазақстанның автомобиль жолдары саласында ТЖ кезіндегі дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде шарттық міндеттемелерді тиісті деңгейде орындамағаны үшін жол компанияларына айыппұл санкциялары қолданылмайды. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның автомобиль жолдары саласында ТЖ  кезіндегі дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды

Автомобиль жолдары саласы отандық тауар өндірушілерге қиын кезеңде қолдау көрсетіп, қазақстандық компаниялардан құрылыс материалдарын сатып алуда. Сонымен қатар, мердігер компаниялардың банк кепілдемелерін ұсыну мерзімдерін ұзартуға қатысты шаралар қолға алынды. Мұндай шара компаниялардың төтенше жағдай кезіндегі жұмысын едәуір жеңілдете түспек.

Бүгінгі таңда құрылыс және реконструкциялау жұмыстары  жүргізіліп жатқан республикалық маңызға ие автомобиль жолдарындағы барлық нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелер сақталған. Әл учаскеде медициналық қызметкер жұмыс істейді. Сондай-ақ, құрылыс нысандарын күзету шаралары күшейтіліп отыр.

Мәселен, жұмыскерлердің барлығы күніне екі рет медициналық қараудан өтеді. Қызметкерлер міндетті түрде бетперде киіп жүруі тиіс. Медициналық пункттердің барлығы бетперделермен, антисептикалық, заласыздандырғыш құралдармен, термометрлермен қамтылған. Бүгінгі таңда құрылыс және реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың медициналық пункттерінде 28 мың бетперде бар. Сонымен қатар, бұл нысандарға кіру мен олардың аумағынан шығу шектеулі. Материалдарды жеткізуші көліктер мен құрылыс техникасының кіріп-шығуына ғана рұқсат етілген.  

Қазіргі таңда реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскелерінде 11 мыңнан астам адам қызмет етсе, техниканың 6700-ге тарта бірлігі жұмылдырылған. Айта кету керек, Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында автомобиль жолдары саласындағы құрылыс жұмыстарына 2020 жылы 1300 қазақстандық жас азамат тартылатын болады.