Қоғам • 02 Сәуір, 2020

Банк ВТБ кәсіпкерлерге 9 млрд теңге сомасында қолдау көрсетеді

702 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Банк ВТБ (Қазақстан) «Қазақстан тұрақтылық қоры» АҚ және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен Шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасына қатысу туралы үш жақты келісімге қол қойды. Банкке бөлінген лимит 9 млрд теңге.  

Банк ВТБ кәсіпкерлерге 9 млрд теңге сомасында қолдау көрсетеді

Осы бағдарламаның аясында Банк ВТБ (Қазақстан) төтенше жағдай режимін енгізуден зардап шеккен бизнесмендерге жылдық 8%-ға дейін номиналды сыйақы ставкасымен жеңілдетілген несиелер беретін болады. Жеңілдік қарыздарын бергені және оларға қызмет көрсеткені үшін комиссия алынбайды.

– Еліміздің шағын және орта бизнесі коронавирустың пандемиясының елеулі соққысына ұшырады. Бүгін мемлекет осы күрделі кезеңде Қазақстан кәсіпкерлігіне көмек көрсету үшін жедел кешенді шараларды қабылдауда. Жаңа қолдау бағдарламасы – бұл бағыттағы маңызды қадам, - дейді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқармасының төрағасы Дмитрий Забелло. – ВТБ қалыптасқан жағдайдың барлық маңыздылығын сезінеді және, әрине, біз осы уақытта клиенттерімізге пайдалы болу үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасына қатысамыз.

Бағдарламаға ТЖ режимін енгізу салдарынан қаржы жағдайының нашарлауын растайтын ШОБ өкілдері қатыса алады. Қарыз 12 айға дейінгі мерзімге беріледі. Заңды тұлғалардың ішінен бір қарыз алушыға лимит – 3 млрд теңгеге дейін, ЖК үшін – 50 млн теңгеге дейін. Кредитті мақсатты пайдалану – айналым қаражатын толықтыру. Бағдарламаға 90 күннен астам кредиттер бойынша берешегі бар кәсіпкерлер, сондай-ақ республиканың резидент еместері қатыса алмайды.

Банк ВТБ (Қазақстан) жеңілдікті кредиттеу бағдарламасына қатысудан басқа, ТЖ-дан зардап шеккен ШОБ секторының клиенттеріне 2020 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімге негізгі борышты өтеу бойынша мерзімін кейінге қалдыру және қолданыстағы кредиттер бойынша сыйақы беру түрінде қолдау көрсетеді. Сонымен қатар осындай клиенттерге банк көрсетілген кезеңде негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алу бойынша айыппұлдар мен өсімдерді жойған.