Кеше мұғалімдер қашықтан оқытуға дайындық жұмыстарын пысықтау мақсатында сынақ-сабақтар өткізген болатын. Бүгін еліміздегі барлық мектептер ата-аналар жиналысын өткізіп жатыр.
– Ата-аналар жиналысында қашықтан оқытудың қалай жүзеге асырылатыны, қандай қиындықтардың бар екені және шешу жолдары талқыланып, түсіндірілуі тиіс. Ертең барлық қазақстандық балалар үшін қашықтан білім алудың қалай болатыны жөнінде сынып сағаты өтеді. Сынып сағаттарында оқушыларға өздерінің жұмыс, сабақ кестесі бойынша түсіндіру жұмыстары, мұғалімдерімен қай уақытта кері байланысқа шығатыны, тапсырмаларды қалай жіберіп отыратыны жан-жақты пысықталу қажет, – деді Ш.Каринова