30 Тамыз, 2013

Қайрат МӘМИ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы: Ұлы құндылықтарды ұлықтаған құжат

323 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

DAA 4380 1 1Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат.

Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған, биыл қабылданғанына 18 жыл толған Конституция әлемдік стандартқа сәйкес келетін саяси, экономикалық және әлеуметтік мәнге ие.

DAA 4380 1 1Конституция – егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден-бір құжат.

Қазақстан Республикасының Конституциялық дамуының екінші кезеңі 1995 жылы қабылданған, биыл қабылданғанына 18 жыл толған Конституция әлемдік стандартқа сәйкес келетін саяси, экономикалық және әлеуметтік мәнге ие.

Өткен 18 жыл ішінде қоғам мен биліктің тұрақтылығын қам­тамасыз етуде Конституциялық принцип және оның нормасы еліміздің тәуелсіздігін, эко­но­микалық реформасын нығайтудың басты құралына айналды. Елімізде заңдылық пен конституциялық тәртіптің салтанат құруы негізгі бағыт саналады. Заңдылықты бұл­жыт­пай орындау немесе сақтай білу жауапкершілігі – Қазақстанның тұрақты дамуына жағдай жасай отырып, мемлекетіміздің өзекті деген бағыт-бағдарындағы барлық құқықтық қызметтің өркен жаюына жол ашып берді. Ал әрбір азамат өзін мемлекет міндетті түрде қорғай алатынын нық сезінді, конституциялық заңдылық азаматтар мен адамдардың құқы­ғына және бостандығына нақты кепілдік беретініне кәміл сенді.

Қазақстанның демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет ретінде орнығуы Конституцияда қаралған президенттік басқару жүйесінің әсеріне тікелей байла­ныс­­ты. Қазіргі таңда нақ осы бас­қару – мемлекетіміздің тәуел­сіз­дігін қамтамасыз етіп, эконо­ми­калық және саяси реформаны жүргізуге, елдегі ішкі саяси тұрақ­тылықты сақтауға мүмкіндік беріп отыр.

Ата Заңымыз бойынша Пре­­зи­­дент – елді жаңғыртудың баста­­ма­шысы және іске асырушысы, Конституцияның сенімді кепілі. Осы орайда өткен күндерге көз жіберсек, ел егемендігін алған­нан берідегі уақыт ішінде Елба­сы­ның басшылығымен Консти­ту­циялық және құқықтық жүйені эволюциялық тұрғыда сатылап реформалау нәтижесінде мемлекеттік биліктің теңгерімді де тиімді жүйе­сі қалыптастырылды.

Конституцияның 3-бабында: “Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық, халық билікті тіке­лей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жү­зеге асыратындығы, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мем­ле­кеттік органдарға беретіндігі, Қазақстан Республикасында би­лік­ті ешкім де иемденіп кете ал­май­тындығы, билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қуда­ла­на­тындығы, халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге респуб­лика Президентінің, сондай-ақ Парламенттің де құқығы бар екендігі, республика Үкіметі өзіне берілген өкілеттіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргі­зетіндігі” атап көрсетілген.

Бұл орайда Елбасы Н.Ә.На­зар­баевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекітуін және осы бастаманың нәтижесінде биыл мәслихат арқылы ауыл әкім­дерінің сайлауының сәтті өтуін елімізде Ата Заң талабының мүл­тік­сіз орындалуының және Қазақ­станның демократиялық үрдіске адалдығының нақты дәлелі ретінде атап өтуге болады.

 Ауылдық округ әкімдерінің сай­лануы қоғамды одан әрі демо­кратияландырудың маңызды кезеңі болып табылады және жергілікті жерлерде басқарудың тиімділігі мен айқындығын арттыруға мүм­кіндік береді. Барлық жердегі ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – республикада демократиялық өзгертулер өткізудің жаңа кезеңі. Жергілікті әкімдердің сайлануы – бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен халық алдында атқарушы билік органдары жауапкершілігін арттыру, саяси жүйесін одан әрі демократия­ландыру мен азаматтық қоғам дамуын жетілдіру. Ауылдар әкімдерінің балама сайлауы сая­си жүйедегі реформалардың жүзеге асуына жәрдемдеседі, оның мақсаты халықты мемлекет басқаруына, қазақстандық қоғамның жетілдірілуіне қатысуға кеңірек тарту.

Конституция бойынша еліміз­дің басқару билігінің үш түрі – заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің құзыреттері нақтыланған. Биліктің заң шығарушы тармағы – Парламент, атқарушы тармағы – Үкімет, сот билі гін тек қана сот жүзеге асырады.

Ел Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының қос палаталы Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғары өкілді органы болып табылады және ол ел дамуына, азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсартуға қатысты жаңа заңдар қабылдайды, өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Конституцияда Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітілсе, бұл – Ата Заңымыздың бұлжымайтын темірқазығы. Өткен 18 жыл ішінде Конституциямызға бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілсе де, ол өзінің негізгі қағидаларын жоғалтқан жоқ. Негізгі Заң еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуына мол ықпалын тигізді.

Еліміздің Ата Заңында азаматтардың шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, көзқарасына қарамастан адам және азамат құқықтарының теңдігіне кепілдік берілген.

Бұл тұрғыда елімізді мекен еткен барлық этностарды азаматтық және рухани-мәдени тұтастық негізінде топтастыруға, қазақстандық жарасымдылықты, патриотизмді қалыптастыруға негізделген қазақстандық ба­ғыт оларды ортақ мүддеге ұйыс­тырып, бұл ұстаным бүкіл әлем мойындаған және үлгі санайтын үрдіске айналды.

Еліміздің Ата Заңында эконо­ми­ка­дағы тұрақтылықты, халық­тың әлеуметтік жағдайын жасауды басты назарға алу да көзделген.

Өткен 18 жыл ішінде қоғам мен биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде Конституциялық принцип және оның нормасы еліміздің тәуелсіздігін, экономикалық реформасын нығайтудың басты құралына айналды.

Әділет, құқық қорғау органдары азаматтың Ата Заңмен берілген құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, олардың заман талабына сай еңбек етіп, білім алуына және өздерінің барлық конституциялық құқықтарын толыққанды пайдалануына өздеріне жүктелген құзырет шеңберінде жағдай туғызып келеді.

Ата Заңымыз бүгінде ел дамуы мен бірлігінің, азаматтар құқықтарының мүлтіксіз сақталуының кепілі болып отыр.

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке айналуды өзіне басты міндет етіп алған еліміздің бұл күндері қол жеткізіп отырған қыруар табыстары да осы Конституцияның және кемел ой, қайсар рух, мұқалмас күш-жігермен еліміз үшін атқарып жүрген әр азаматтың ұлан-ғайыр еңбегінің арқасы.

Тыныштық, Тұрақтылық, Ынтымақ атты ұлы құндылықтарға негізделген Ата Заңымыз ел бірлігін қамтамасыз етіп, елге ырыс, жақсы тұрмыс әкеліп отыр. Бүгінгі еліміз қол жеткізген барлық жетістіктеріміз бен жеңістеріміз де осы Конституцияның жемісі.

Соңғы жаңалықтар