02 Сәуір, 2020

Қандай мектептер қашықтан оқытпайды?

32 реткөрсетілді

Бұл сұраққа Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жауап берді. 

Елімізде түрлі мектептер бар. Соның ішінде 5 пен 80 оқушыға дейін білім беріп отырған шағын жинақты мектептер өз аумағында карантин жағдайы енгізілмесе, төтенше жағдайдың барлық талаптарын сақтап штаттық режімде жұмыстарын жалғастыра алады. 

– Жұмыстың барлық формасы қарастырылып отыр. Соның ішінде шағын жинақты мектептерге дәстүрлі оқыту формасын жалғастыра алатын мүмкіндікті қарадық. Мұндай жғдайда әрбір әкімдік мектептердегі санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталғанын қадағалау керек. Бірақ біз қашықтан оқытпайтын шағын мектеп қызметкерлеріне, әсіресе басшылығына адамдардың, оқушылардың көптеп шоғырлануын болдырмау, бірнеше кезеңге бөліп оқыту, сыныптарды жеке топтарға жіктеу арқылы білім беруді міндеттейміз, – деді министрдің орынбасары. 

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 22 адамнан Covid-19 анықталды

Коронавирус • Бүгін, 10:05

Ғасыр зұлматы

Қоғам • Бүгін, 09:30

Із қалдырған ірі тұлға

Қоғам • Бүгін, 07:06

Ұқсас жаңалықтар