Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Павлодар облысы аумағына 9 тосқауыл бекеті қойылды

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде коронавирус инфекциясын таратпау мақсатында санитарлық, сақтық шаралары күшейтілді. Осы мәселеге байланысты өткен брифингке облыстық полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қатысты.

Павлодар облысы аумағына 9 тосқауыл бекеті қойылды

Нұрлан Мәсімов облыс  полицейлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Облыс аумағында 9 тосқауыл бекеті жұмыс жасауда, 5-уі Ресей  шекарасымен шектесетін жолдар бойына, қалған 4-уі еліміздің Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары, Нұр-Сұлтан қалалары бағыттарындағы жолдарға қойылды.

- Ресеймен шекаралас аумақтардан бөлек, ел ішіндегі шекаралас тосқауыл бекеттері жасалды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысымен шектесетін Май ауданы Ақжар ауылында, Аққулы ауданы Шарбақты ауылында, Ақмола облысымен шектесетін Екібастұз қаласы аумағы, Шідерті кентінде, Қарағанды облысымен шектесетін Баянауыл ауданы, Сәтбаев ауылында да тоқсауыл бекеттері орнатылды, -деді Нұрлан Мәсімов.

Сонымен бірге барлық көліктердің өңірге кіруі мен шығуын шектеуге арналған мобильді бекеттер де құрылуда.

Ал, полиция қызметкерлері ауыл, аудандарда тұратын  тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

- Сондықтан еліміздегі Төтенше жағдай тәртібіне бағынып, ескертпелерге назар салған орынды, - деді департамент басшысы.

Павлодар облысы