30 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Конституция күніне орай Қазақстан халқын құттықтауы

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конституция  РК-2 терис

Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Еліміздің Ата Заңы жаңа Қа­зақ­стан жетістіктерінің бе­рік ке­пі­ліне айналды. Тиімді құ­қық­­­тық жүйені орнықтыру ар­қы­лы біз экономикалық өсімге жә­­не қоғамның әл-ауқатының ар­туы­на қол жеткізіп, елімізде тұрақ­тылықты, бейбітшілік пен келісімді қалыптастырдық.

Әкімшілік және құқықтық реформалар, жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту, әлеуметтік жаң­ғырту – мұның бәрі берік конс­ти­туциялық негізде жүзеге асы­рылуда және халықтың өмір сүру деңгейін одан әрі ұлғайтуға бағыт­талған. Біздің сыртқы саясат­тағы жүйелі бастамаларымыз Қазақстанның халықаралық беделінің ұдайы өсуін қамтамасыз етуде.

Биыл еліміз 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясында көзделген мақсаттарды іске асыруға кірісті. Соның ең бас­тысы – Қазақстанның әлемдегі ең да­мы­ған 30 мемлекеттің қа­та­­ры­­на енуі. Стратегияның бар­лық мақсаттарына қол жеткізу қа­зақ­стандықтардың бірлігі мен Кон­сти­туция қағидаларын мүл­тіксіз орындау негізінде ғана мүмкін болмақ.

Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану, консти­ту­ция­лық құндылықтарды қорғау – әрбір азаматтың құрметті парызы және қасиетті міндеті.

Барша қазақстандықтарға игі­лік пен бақ-береке тілеймін! Біз­дің Отанымыз – Қазақстан Рес­пуб­ликасы нығайып, дами берсін!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.