Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Амандық Баталов дүкендегі баға тұрақтылығына бақылау жүргізді

178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған «Magnum» сауда желісінің дүкеніне барды. Бағасының өсуін бақылау мақсатында дүкен аралаған аймақ басшысы сөрелерде тұтынуға қажетті 19 түрлі әлеуметтік маңызды тауардың тұрғанын  және олардың барлығы да төмен бағада екенін көрді.

Амандық Баталов дүкендегі баға тұрақтылығына бақылау жүргізді

Қазір сауда нүктесінде жалпы барлық тауарлар жеткілікті көлемде, мұндағы азық-түліктің 50 пайызы отандық өнім, соның ішінде жергілікті сүт, сүт өнімдері, нан, нан өнімдері мен макарон және кондитер өнімдері бар. «Magnum» сауда желісі барлық санитарлық талаптар мен ұйғарымдар сақтауға көшкен. Аумақта дезинфекциялау шаралары тұрақты жүргізіледі, келушілер үшін қолды жууға арналған санитайзерлер қойылған. Дүкен кіреберісінде арнайы тепловизормен сатып алушылардың дене қызуы өлшенеді екен. Жалпы, Талдықорғанда «Magnum» сауда желісіне қарасты екі дүкен ғана бар. Облыс әкімі Амандық Баталов сала басшыларына қаланың оңтүстік-батыстағы жаңа тұрғын ауданынан тағы бір дүкен ашу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды.

-  Тұрғындар барлық қажеттілікпен толық көлемде қамтамасыз етілуі керек. Сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы мен олардың бар болуына тұрақты бақылау жасаймыз. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасы мен олардың болуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдадық. Қазір «Жетісу» әлеуметтік корпорациясы арқылы облыстағы ірі сауда нүктелерімен және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен келісімшарт жасалуда, соның негізінде кәсіпкерлер банк кепілдігіне айналым қаражатын ала алады. Бұл қатарда «Magnum» сауда нүктелерінің дүкендерінен басқа да нарықта бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ірі және орта дүкендер бар. Бүгінгі күні бұл мақсатқа облыс бюджетінен біз 1 млрд теңге бөлдік. Қосымша тағы 1 млрд теңге бөлуді жоспарлап отырмыз, - деді олыс әкімі Амандық Баталов.