30 Тамыз, 2013

Қарағанды дәрігерлері наразылық акциясына шықты

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Скорая помощь

Қарағанды облысы Октябрь ауданындағы жедел жәрдем қызметкерлері науқас жандардың шақыртуына ескі көліктермен барып жүр. Кейде олардың жарты жолда тоқтап қалатыны бар. Әрі осындағы дәрігерлер жалақының төмен екенін айтады. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Жедел жәрдем қызметкерлеріне арналған шағын ғимаратта жүз шақты адамның жұмыс істеуіне қолайлы мүмкіндік жоқ. Тіпті араларындағы жоғары санатты дәрігер Мақсат Жақсыбаева жарты ставкада жұмыс істейді екен. Ұжымға жаңадан келген фельдшер құжатты қазақ тілінде толтырса, басшы: «Мен мұны түсінбеймін, орысша жаз» дейтін көрінеді. Осындай келеңсіздіктерге жандары ашынған дәрігерлер наразылық акциясына шықты.

Бақытбек Кенешұлы.