30 Тамыз, 2013

КХДР басшысы өзінің бұрынғы сүйіктісін ату жазасына кесті

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

КНДР расстрел

Солтүстік Кореяда порнографиялық үлгідегі фильмдерді түсіріп, таратқаны үшін халықтың алдында он адам ату жазасына кесілді. Бұл туралы lifenews.ru хабарлады.

Жазаға ұшырағандардың арасында КХДР басшысының бұрынғы сүйіктісі – электромузыкалық аспаптар оркестрінің әншісі Ынхасу Хен Сон Воль бар көрінеді.

17 тамызда Хен Сон Воль мемлекет заңын бұзғаны үшін қамауға алынған болатын. Белгілі болғандай, онымен бірге ұжымның басқа да мүшелері, сондай-ақ «Вангсэджанг» тобының музыканттары мен бишілері тұтқындалған.

Әртістер порнографиялық үлгідегі фильмдерге түсіп, оларды таратқандары үшін айыпталған. Қатаң үкім көпшіліктің және айыпталушылардың отбасы мүшелерінің көз алдында орындалды.

Айдар Өрісбаев.