30 Тамыз, 2013

Қытайда жүрегі қарнында орналасқан адам табылды

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сердце в животе

Қытайда жүрегі қарнының жоғары жағында орналасқан, туғаннан жүрегі дімкәс адам табылды. Бұл туралы «Планета-Новости» сайты хабарлады.

Осындай өзгеше адам туылғанда дәрігерлер өз көздеріне өздері сенбеген көрінеді. Биыл жігіт жүрегіне операция жасайтын аурухананың тауыпты. Ондағы медицина қызметкерлері бұл адамның осы уақытқа дейін қалай тірі келгеніне таң қалыпты.

Алдын ала тексеру кезінде Хуан есімді бұл жігіттің ахуалы бірден күрт төмендей бастаған. Сондықтан дәрігерлер ота жасамай болмайтынын түсінген. Бірақ ол өте көп ақшаны керек етеді. Бұдан кейін осындай операция жасалуы керектігі жөнінде газеттерге хабарландыру жарияланып, көмек сұралыпты. Содан жиналған қаржыға операция жасалған. Ол сәтті өтіпті.

Мұрат Айтқожа.