Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Атырау: Биыл 20 586  жұмыс орны ашылады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолланың айтуынша, биыл  20 586 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Атырау: Биыл 20 586  жұмыс орны ашылады

Былтыр бұл өңірде  22 619 жаңа жұмыс орны ашылған.  Оның 14 897-і – тұрақты жұмыс орны. Жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан адамдардың түгелге жуығы жұмысқа орналасыпты.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында өңірлерде нақты жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Осыған байланысты биыл Атырау облысында  20 586 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 1479 тұрақты, 1932 уақытша жұмыс орны ашылды. «Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасы» ақпараттық жүйесіне мемлекеттік, сондай-ақ өңірлерді дамыту бағдарламалары бойынша мамандықтар бөлінісіне қатысты мәліметтер енгізілуде, -деді Серік Қамидолла.

Оның айтуынша, қазір Атырау облысында  3 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар – «Теңізшевройл» ЖШС-нің өндірістік қуатын кеңейту, «КРІ» серіктестігінің газ-химиялық кешенінің құрылысы, сондай-ақ, NCOC компаниясының жобалары. Бұл жобаларға тартылған  мердігер, сонымен бірге, қосалқы мердігер мекемелердің сұранысымен бос жұмыс орындарына отандық мамандар орналастырылуда.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ

Соңғы жаңалықтар