Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Ыстамбұл мен Мысырдан індет әкелген екі әйел адам ауруханадан шықты

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 3 сәуір күні таңертеңге дейін Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 91 жағдайы тіркелді.

Ыстамбұл мен Мысырдан індет әкелген екі әйел адам ауруханадан шықты

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарларда 79 пациент емделіп жатыр. Олардың біреуі – Алматы облысының тұрғыны.

66 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық. 2 ересек адамның жағдайы – ауыр, 11 ересек адамның денсаулығы – орташа ауыр (олардың біреуі облыстан).

​Жаңадан анықталған жағдай бұрын жұқтырғандармен байланыста болған.

Бүгін инфекциялық стационардан коронавирустық инфекциядан сауықұан тағы екі пациент ауруханадан шығарылды. Бұл екі әйелдің бірі 15 наурызда Ыстамбұл-Алматы рейсімен, екіншісі 22 наурызда Мысырдан ұшып келген.

Жалпы, сауығып ауруханадан шығарылғандар саны – 13 адам, оның ішінде екеуі бала. Провизорлық орталықтарда бүгінде 613 адам карантинде жатыр, оның 79-ы бала. Екі күндік карантинде 446 азамат, үй карантинінде – 4411 адам бар.