01 Қыркүйек, 2013

«Кико» дауылы Мексикаға таяп келеді

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шторм Кико

Мексиканың Тынық мұхиты жағалауында сенбі күні «Кико» тропикалық дауылы туындады. Бұл туралы Майамидағы (АҚШ, Флорида штаты) дауылдарды бақылайтын ұлттық орталықтың мәліметіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

Орталықтың мәліметіне қарағанда, дауыл эпицентріндегі желдің жылдамдығы сағатына 96 шақырымды құрап отыр. Ол құрлыққа қарай сағатына 8 шақырым жылдамдықпен жақындап келеді. Мамандардың болжамы бойынша, «Кико» дауылы алдағы тәулікте күшейе түсуі мүмкін.

Айдар Өрісбаев.