Ведомство басшысы қашықтан оқытудың аясы онлайн оқытуға қарағанда әлдеқайда кең екенін атап өтті.
– Көп адам қашықтан оқытуды онлайн оқытумен бірдей деңгейде қарастырып жүр. Бірақ қашықтан оқыту – онлай оқытументеңесе алмайтын ұғым. Оның аясы анағұрлым кең. Мәселен, біз қашықтан оқытуда 4 түрлі тетік: телеарна, радио, пошта мен платформалар арқылы білім беруді қолға алып отырмыз. Ал онлайн оқытуда тек интернет арқылы тікелей эфирге шығып сабақ өткізіледі. Ал қашықтан оқытуда тіпті электронды пошта, телефон қоңырауы, месенжерлер арқылы кері байланыс орнатуға болады, – деді А.Аймағамбетов.
Айта кетейік, біз бұған дейін екі оқыту форматын шатастырмаудың жеңіл графикасын ұсынғанбыз.