01 Қыркүйек, 2013

Путин Өзбекстанды тәуелсіздік күнімен құттықтады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Владимир Путин

Ресей президенті Владимир Путин өзінің әріптесі Ислам Каримовты Өзбекстанның тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Кремль баспасөз қызметінің ақпарына сілтеме жасаған РИА «Новости» хабарлады.

Құттықтау жеделхатында Путин елдің экономикалық-әлеуметтік саладағы жетістіктерін, сондай-ақ халықаралық және аймақтық істердегібелсенділігі мен Ресей-Өзбекстан қарым-қатынасының қарқынды дамып келе жатқанын атап көрсетті.  

«Ресей президенті бірігіп жасаған еңбектің арқасында екіжақты саяси диалогтың кеңеюіне, түрлі саладағы әріптестіктің дамуына, сондай-ақ Орта Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің нығаюына сенім білдірді», – деп хабарлады Ресей президентінің баспасөз қызметі.

Айдар Өрісбаев.

Соңғы жаңалықтар