Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Жұма: Алматыда 28 індет ошағы карантинде тұр

231 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің 3 сәуірдегі мәліметтеріне сәйкес, мегаполисте 28 індет ошағы бар.

Жұма: Алматыда 28 індет ошағы карантинде тұр

«Бүгінгі таңда Алматы қаласында 28 індет ошағы бар. Індет өршіп тұрған кезде 42 болған. Қалғандары инкубациялық кезеңнің аяқталуына қарай алынып тасталды», деді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингінде Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Айзат Молдағасымова.

3 сәуір күнгі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, қала аумағында төмендегі мекен-жайлар бойыншакоронавирус инфекциясы ошақтары оқшауланды:

Әуезов ауданында – 6 індет ошағы: «Жетісу-2» ш/а., 70а; «Мамыр-4» ш/а,, 313; 6 ықш./ауд., 35; 1 ықш.ауд., 28; «Мамыр» ықш.ауд., 4, 54; Афцинао, 4.

 

Алатау ауданында – «Ақкент» ықшамауданы,7; «Ақбұлақ» ықшамауданы, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121; Жанқожа батыр көшесі, 190.

 

Алмалы ауданында — 2 ошақ: Байзақов көшесі, 190; Панфилов көшесі, 85.

 

Медеу ауданында – Қонаев көшесі, 62,«Самал-3» ш/а., 25; Достық көшесі, 116; Достық көшесі, 493.

 

Жетісу ауданында – Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; ш/а 4 ошақ. «Құлагер», 45; Борзов к-сі, 85.

 

Түрксіб ауданында 2 ошақ тіркелген: «Жұлдыз» ш/а., 45; «Жұлдыз-1» ш/а., 13.

 

Бостандық ауданында — Навои к-сі, 328; Клочков к-сі, 117; Навои к-сі, 310; «Орбита-1», 27 мекен-жайлары бойынша 4 ошақ.

 

Наурызбай ауданында – Береке көшесінің 1/97-і ошағы.