Министрліктің жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шығарған есебіне қарағанда, елімізде 1080 шағын жинақты мектеп бар.
~ Мұндай мектептер 80-100 балаға дейін оқытады. Шалғай елді-мекендерде орналасқандықтан қауіп төмендеу. Сол себепті шағын жинақты мектептер біз дәстүрлі оқытуды жалғастыра алады. Дегенмен бастысы карантин талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Сондай-ақ әр сынып өз кабинетінен өзгесіне ауыспай оқуы қажет, ~ деді министр. Оның айтуынша, бұған дейін бір ауысымда оқытып келген мұндай мектептер енді екі ауысымда жұмыс істеуі тиіс.