01 Қыркүйек, 2013

Ресейдегі Амур өзенінде су деңгейі көтерілуде

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Река Амур

Ресейдің Хабаров өлкесіндегі Амур өзенінің су деңгейі бүгін 792 сантиметрге жетіп отыр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Бүгінге дейін Хабаровск қаласындағы 638 үйді су басып қалған. Қала әкімі Александр Соколов бірінші кезекте балалар мен қарттарды қауіпсіз жерге көшіруге тапсырма берді.

Қазір Хабаровскідегі уақытша баспаналарға 108 адам, оның ішінде 19 бала жеткізілді. Ал қаладағы мұндай баспаналар барлығы 2,5 мың адамды қабылдауға дайын тұр.

Қала басшысы сондай-ақ апатқа ұшыраған Хабаров ауданына қарасты Уссурийск деревнясында нақты қанша адам қалып қойғанын анықтауға бұйрық берді. Ол жерде 400-ге жуық тұрғын бар көрінеді.

Айдар Өрісбаев.