02 Қыркүйек, 2013

Маңғыстауда мұнай қалдығы сапасыз өңделуде

473 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нефть

Маңғыстау облысындағы алпауыт мұнай өндіруші компанияларда «қара алтынның» қалдығы құйылған қоймалар бар. Оларда 2 млн. астам зиянды зат сақталған. Бұл туралы «Қазақстан» телеарнасы хабарлады.

Мұнай қалдықтарының озық технологиямен өңделмеуі себепті олқылықтар орын алу үстінде. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы бойынша қоршаған ортаны қорғау департаментінің бастығы Ермек Омаров былай дейді: «Мұнай қалдықтарын пеште өртегенде, ауаға ірі көлемде улы газ бөлінеді. Мұны қалдықтарды жоюдың ұтымды жолы дей алмаймыз. Заманауи құрылғыларды алу үшін үлкен инвестиция қажет екенін білеміз. Бірақ, қоршаған ортаны қорғау одан да құнды екенін алпауыт мұнай компания өкілдері түсінгені жөн».

Тағы бір дерек, осы өңірдің батыс аймағында 1960-1970 жылдары пайдаланылған мұнай бұрғысының су астында қалу қаупі бар. Әзірге оның қаншалықты екендігі нақтыланып жатыр.

Данияр Түймебай.