02 Қыркүйек, 2013

Қазақстандағы Индонезия мәдениеті күндері басталды

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Дни Индонезии-1

Астанада Индонезияның Қазақстандағы мәдениеті күндері салтанатты жағдайды ашылды. Бұл туралы Bnews.kz тілшісі жабарлады.

«20 жылдан астам уақыт бойына Қазақстан мен Индонезияның арасындағы дипломатиялық, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастық өз деңгейінде дамып келе жатыр. Осы жылдар ішінде екі мемлекет басшылары бірнеше рет жоғары деңгейде кездесіп, екі елдің ынтымақтастығын дамытуға арналған бірқатар құжаттарға қол жеткізілді», - деді күндердің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Министрдің айтуынша, осының арқасында біздің елдеріміз қазіргі таңда көптеген мәселелер бойынша әлемдік деңгейдегі ортақ мәмілеге қол жеткізіп отыр.
«Осыдан екі сағат бұрын Қазақстан Республикасының Президенті мен Индонезия Президентінің арасында жоғары дәрежеде және көптеген үкімет мүшелерінің қатысуымен кеңейтілген дәрежеде кездесулер өтіп, екі ел арасындағы бірқатар ынтымақтастық құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде, мәдени ынтымақтастық туралы да меморандум бар», - деді Мұхтар Абрарұлы.

Бүгін сондай-ақ Бейбітшілік және келісім сарайында Индонезияның мәдениеті мен өнерін жан-жақты таныстыратын фото және тоқыма бұйымдарының көрмесі ашылды. Ол 4 қыркүйекке дейін созылады. Ал 3-4 қыркүйек күндері «Сарыарқа» сауда үйінде Индонезияның «Түрлі-түсті әскер» (Laskar Pelangi), «Хабиби және Айнун» (Habibie dan Ainun), «Қызыл және ақ» (Merah Putih), «Бәрі де Укок үшін» (Demi Ucok) леп аталатын көркем фильмдері көрермен талқысына ұсынылады.

Осы жолы қазақ мәдениетінің күндері келесі жылы Индонезия астанасы – Джакарта қаласында өтетіні де белгілі болып отыр.

Мұрат Айтқожа.