03 Қыркүйек, 2013

Астана. Алтын күз.Алғашқы қоңырау

405 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін


Оқушы саны артқан ауыл

Бір кездері бірінші сыныпқа баратын оқушылар азайып кетсе, қазір ондай олқылықтың орны тола бас­тапты. Бұған дәйек келтірер болсақ, Іле ауданы, Қосөзен ауылындағы №14 мектептің бірінші сыныбына биыл 89 оқушы келіпті.

Оқушы саны артқан ауыл

Бір кездері бірінші сыныпқа баратын оқушылар азайып кетсе, қазір ондай олқылықтың орны тола бас­тапты. Бұған дәйек келтірер болсақ, Іле ауданы, Қосөзен ауылындағы №14 мектептің бірінші сыныбына биыл 89 оқушы келіпті.

– Біздің мектепте 632 оқушы білім алатын болады. Бірінші сыныпқа келген бүлдіршіндер 4 сыныпқа топтастырылды. Бір қуанарлығы, үстіміздегі жылы ауылымызда демографиялық өсімнің нәтижесі байқалды. Соның алғашқы жемісін білім күні көріп отырмыз. Әсіресе, білім күні жас отбасылардың қуанышы ерекше деуге болады.

Халықтың тұрмысы жақ­сарған сайын ондаған ұрпақ өмірге келіп, ауы­лы­мыздың ажары ашылып, білім ұямызда ұл мен қыздың шат күлкісі ес­ті­ліп, шадыман тір­лік тынысы­мыз артып,­ ұстаздарымыздың да­ жүздеріне күлкі ұя­ла­ды, – дейді Күләйім Балық­бекова.

Сүлеймен МӘМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

 

Ортақ күнге орайластырылды

Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Оған аталған оқу орнының рек­торы Е.Сыдықов қатысып, оқы­тушы-профессорлар құ­рамымен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтады. Білім күніне арналған жиынға 80-жылдардағы ардагер, Қазақ КСР-інің Білім ми­нистрі, «Парасат» орденінің иегері Қожахмет Балахметов, осы білім ордасының түлегі, Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары Ғалым Шойкин және білім-ғылым саласына қызмет етіп жүрген басқа да қонақтар қа­тысып, жылы лебіздерін біл­дірді.

Салтанатты жиында­ Л.Н.Гумилев атында­ғы­­ Еуразия ұлттық уни­­вер­­­си­тетінің «Дала са­зы» халықтық аспаптар ор­кес­трінің домбырашылар ан­сам­блі және «Біз – біргеміз!» атты студенттер флеш мобы жү­ріп, университеттің басқа да таланттары өнер көрсетіп, «Дос Мұқасан» тобының ізін жалғаушы университеттің жаңа құрылған вокалды-аспап­ты ансамблінің алғашқы ме­ре­келік тұсаукесері болып өтті.

Биыл Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі 66 ма­ман­дық бойынша білім алу­ға 4 мыңға жуық студент түсіпті. Олар­дың 3067-сі грант иегерлері болса, 344-і «Алтын белгі» алған­дар, 251-і халықаралық және рес­­публикалық ғылы­ми­ және түрлі пәндер олим­­пиадаларының, 12-сі ха­лықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары екен. Сондай-ақ, биыл студенттер қатарына же­ңілдікпен қабылданған 6 мүгедектің, 9 жетім баланың, 49 оралман бауырларымыздың бар екенін айта кеткен жөн.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

АСТАНА.