03 Қыркүйек, 2013

Президент сөзіне жедел үнқосу

273 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қайрат МӘМИ, Парламент Сенатының Төрағасы:

Атқарылар жұмыстар ауқымы қомақты

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің кезекті сессиясын ашты.

Бесінші шақырылымдағы Пар­ла­менттің 3-сессиясы «Қазақ­стан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді іске асыруда шешуші мәнге ие. Экономиканың қарыштап өркендеуі, жан басына шаққандағы табыстың жоғары деңгейіне қол жетуі, алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордағы қомақты қаржы-қаражаттың жинақталуы – осының бәрі еліміздің даму бағдарының дұрыстығын дәлелдейді және біздің мемлекетіміздің әлемнің ең өркенді елдерінің қатарына қосылуға әзірлігін көрсетеді.

Қайрат МӘМИ, Парламент Сенатының Төрағасы:

Атқарылар жұмыстар ауқымы қомақты

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің кезекті сессиясын ашты.

Бесінші шақырылымдағы Пар­ла­менттің 3-сессиясы «Қазақ­стан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді іске асыруда шешуші мәнге ие. Экономиканың қарыштап өркендеуі, жан басына шаққандағы табыстың жоғары деңгейіне қол жетуі, алтын-валюта қоры мен Ұлттық қордағы қомақты қаржы-қаражаттың жинақталуы – осының бәрі еліміздің даму бағдарының дұрыстығын дәлелдейді және біздің мемлекетіміздің әлемнің ең өркенді елдерінің қатарына қосылуға әзірлігін көрсетеді.

Елімізге қажетті реформалар мен жаң­ғыр­туларды құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету тұрғысындағы Парламенттің жұмысына Пре­зи­денттің жоғары баға бергені ерекше маңызды.

Жаңа сессияда заң шығару жұ­мыс­тары негізгі бес бағытқа шоғырланатын болады. Олар: экономикалық өр­кен­деуді құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету, инновациялық үдерістерге серпін беру, әлеуметтік саясат, құқық қорғау заңнамасын реформалау, сондай-ақ елімізге маңызды халықаралық келісімдерді ратификациялау. Атап айтқанда, Кәсіпкерлік кодексі, Қыл­мыстық және Қылмыстық-іс жүр­гізу кодекстері, Әкімшілік құқық бұ­зу­шылық кодексі, тұрғын үй, еңбек қатынастарына, жастар саясатына, жер қойнауы және оны пайдалануға, даму институттары жұ­мыс­тарын жетілдіруге, энерготиімділік пен энергия үнемдеуге, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге және де еліміз өміріндегі басқа да маңызды салаларға қатысты заң жобалары қаралатын болады. Одан басқа, Президент БСҰ-ға кіруді және Еуразиялық экономикалық одақты іске қо­суды көздейтін ратификациялауға жататын ха­лықаралық құжаттарды белгіледі.

Сөйтіп, Мемлекет басшысы Парламенттің жа­ңа маусымындағы басымдықтарды нақты белгі­­леп берді. Бұл жерде депутаттар жақын күн­дер­де аймақтарға сапардан оралғанын, олардың әлеуметтік салалар нысандарында, өндірістерде, шағын және орта кәсіпорындарда болғанын, жұрт­шылықпен кездескенін атап өткім келеді. Заң шы­ғару ісіндегі жаңа маусым алдында жергілікті жер­лердегі кездесулер мен пікірлесулердің нәтижелері депутаттар үшін ерекше пайдалы екені даусыз.

Осы сәтті пайдалана отырып, жақында Пре­зи­денттің Жарлығымен тағайындалған жаңа сенатор-әріптестерімді құттықтағым келеді. Таяуда олар Сенаттың тұрақты комитеттеріне сайланады. Жаңа депутаттардың мол тәжірибесі мен кәсіби білімі заң шығару ісіне тиімді ықпал жасап, қазақстандық парламентаризмді дамытуға қызмет етеріне нық сенімдімін.

Мемлекет басшысы белгілеп берген ба­сым­дықтар, тұтас алғанда, таяудағы он айға, яғни сес­сия аяғына дейінгі парламентшілердің «жол кар­тасына» айналатын болады.

Қорытып айтқанда, жаңа сессияда Парламент пен Үкімет біздің еліміздің одан әрі дамуы мен игі­лігі жолында бірлесе отырып, сындарлы жұмыстарды жалғастыра беретініне кәміл сенемін.

Нұрлан Нығматулин, Парламент Мәжілісінің Төрағасы:

Біз Елбасы тапсырмаларын орындаудың берік заңнамалық негізін қамтамасыз етеміз

Бесінші шақырылған Пар­ла­менттің 3-сессиясы басталды. Осы­ған орай па­латалардың бірлескен оты­рысы өтіп, Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан На­зарбаев депутаттық кор­пустың заң шығармашылық қыз­метінің негізгі бағыттарын айқындап берді.

Халық қалаулылары Елбасы тапсырмасын абыроймен атқаруға дайын. Барлық күш-жігер бұрынғыдай «Қа­зақстан-2050 Стратегиясына» сәйкес, Пре