03 Қыркүйек, 2013

Достықтың жібек желісі

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин дип­ло­ма­тиялық мис­сия­сын аяқтап жатқан Арменияның Қазақ­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Василий Казарянды қабылдады.

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин дип­ло­ма­тиялық мис­сия­сын аяқтап жатқан Арменияның Қазақ­стандағы Төтенше және өкілетті елшісі Василий Казарянды қабылдады.

Мемлекеттік хатшы қабылдау барысында: «Сіз тәжірибелі дипломатсыз. Еліміздегі 5 жылдық елшілік қызметіңізде көптеген игілікті істер атқардыңыз. Біз Арменияның ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі Астананың кандидатурасына қолдау көрсеткеніне разымыз», дей келе, осы 5 жылдық қызмет аясында екі жақ­ты қарым-қатынастардың жан-жақты дамып, парламентаралық байланыстар, сауда-эконо­микалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысы жанданғанын тілге тиек етті. Мұнан соң Мемлекеттік хатшы армян дипломатиясының басшысына Қазақстан-Армения арасындағы сенімді қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесіне алғыс білдірді.

Елші өз кезегінде: «Уақыт тауып арнайы қа­был­дағаныңызға ризашылығымды қабыл алыңыз. Мен үшін Қазақстанда қызмет еткен 5 жы­лым өте қымбат. Себебі, біз достықтың жібек желісі тартылған, екі елдің басшылығының арасында сый­ластық орнаған дос пейілді елдерміз», деді.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыс­тарды дамытудың жай-күйі мен келешегін тал­қылады.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».